Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыГрэпплингтен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының чемпионы Сәрсен Жетібаевқа құрмет көрсетілді. Павлодар облысының әкімі жеңіске жектен спортшыны құттықтап, сый-сыяпаттарды табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Таяуда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында 16 спорт түрінен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындары өткен болатын. Оған 80 елден 3000-нан астам спортшы қатысты. Қазақстан атынан спорттың 9 түрінен 53 спортшы қатысты.
Аталған сында 71 келіде павлодарлық Сәрсен Жетібаев үздік атанды. Ол 3 жекпе-жек өткізіп, грэпплингтен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарында чемпион атанған тұңғыш қазақстандық. 1/4 финалда жерлесіміз Венгриялық спортшымен кездесіп, 1/2-де Украиналықтан басым түсті, ал, финалда өзбек спортшысын қапы қалдырған еді.
Өңір басшысы спортшыға қол жеткізген нәтижемен тоқтап қалмай, алдағы халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуді тілеп, 500 мың теңгеге ақшалай сертификат табыс етті. Сондай-ақ, чемпионды дайындаған жаттықтырушы - Заирбек Абылкадыровқа 300 мың теңгеге сертификатын тапсырды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары