Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция аясында және Дүниежүзілік тазалық күніне 20 қыркүйекте елордада жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, сенбілік барысында қаланың қоқыстан тазартылуы, саябақтар мен гүлзарлардың, аулалардың, сондай-ақ сауда орындарына, қоғамдық тамақтану нысандарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтардың ретке келтірілуі жоспарланып отыр. Тазалық жұмысы аясында Астананың алты ауданында ағаш отырғызылады.
Әкімдік қалалық кәсіпорындарды, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес субъектілерін, еріктілер мен белсенді тұрғындарды экоакцияға қатысып, тазалыққа үлес қосуға шақырады.
Экоакцияның негізгі мақсаты – қоғам назарын қаланың көшелерінде тазалықты сақтау мәселелеріне аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Қала тұрғындары мен ұйымдары көшелер мен аулаларды абаттандыру ісіне үлес қоса алады. Экоакция сағат 10:00-де басталады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары