Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстана қаласында дәстүрлі садақ атудан «Чемпиондар лигасы» республикалық турнирі өтті.
Үш күнге созылған жарыс барысында ұлттық құрама мүшелері жамбы және пута нысаналары бойынша өзара бақ сынады. Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алады. Сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақы қарастырылған.
Жарыстың ресми бөлігінде «Sadaq aty» федерациясының президенті Нартай Сәрсенғалиев алдағы Көшпенділер ойындарына баратын спортшылар анықталғанын және ұлттық спортты дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті.
Көшпенділер ойынына баратын үш ерді, үш қызды анықтадық. Бүгін, бұйырса, жолдама алғанын өздеріңіз тамашалайсыздар. Бұдан бөлек осы чемпиондар лигасына келген спортшыларымызға, ұлттық құрамаға қосылғысы келген спортшыларды ынталандыра түсу үшін, біздің спортты келесі деңгейге көтеру үшін біз арнайы жамбы нысанасын қойдық. Бұл қазақтың ұлттық нысанасы. Біз қаңтар айында бұны әлемдік жарыстардың тізіміне енгіздік, – деді «Sadaq aty» Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті 24.kz арнасына берген сұхбатында.
Жарыс нәтижелері бойынша «жамбы» нысанасында ерлер арасында Жәнібек Кулмирзаев жеңімпаз атанса, әйелдер арасында Сабира Жаппар үздік шықты. Ал «пута» нысанасында ерлерден Әли Сейсегюзел, әйелдерден Айкөркем Батихан бірінші орын иеленді.
Айта кетейік, VI дары 2026 жылғы тамыз айының соңында Қырғызстанда өтеді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары