Дүниежүзілік банк Украинаға 1,5 млрд доллар бөлді

28 Шілде 2023, 09:31 820

Дүниежүзілік банк Жапонияның кепілдігімен Украинаға 1,5 млрд доллар бөлді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Украина қаржы министрі Сергей Марченко хабарлады.

Оқи отырыңыз:

Тартылған қаржыландыру экономиканы қалыпқа келтіруге және халықты әлеуметтік қорғауды нығайтуға бағытталады, - деді Марченко.

Украина Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы Украина Жапониядан 581 млн доллар қаржы алған. 2023 жылы Күншығыс елі Киевті қаржыландыруға 2 млрд доллар бөледі деген болжам бар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: