23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАуыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Дүниежүзілік банктің Еуропа мен Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі өңірлік менеджері Хольгер Крэймен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ербол Тасжүреков Дүниежүзілік банк тобы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
«Біз ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық серіктестіктің мүмкіндіктерін қарастырып, ауыл шаруашылығын әртараптандыру және ауыл шаруашылығын климаттың өзгеруіне бейімдеу салаларындағы инвестициялар мен техникалық жәрдемдесудің өңірлік ерекшеліктерімен және қажеттіліктерімен танысуымыз қажет. Халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, аграрлық саланы дамыту жөніндегі Дүниежүзілік банкпен бірлескен жобалар Қазақстанның АӨК-не жағымды әсер етеді деп ойлаймын»,-деді вице-министр.
Хольгер Крэй Дүниежүзілік банктің Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторын дамытуға мүдделілігін және тиісті жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға дайындығын растады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады