Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТанымал актриса Айгүл Иманбаева қаламгер Дулат Исабековтың қазасына қатысты жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Барша Қазақ халқына қайғырып көңіл айтамын. Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков дүниеден озды, – деп жазды актриса.
Өнер иесі 10 күн бұрын Дулат Исабековке қал-жағдайын сұрап, хабарласқан екен.
Осыдан 10 күн бұрын Дулат ағама телефон шалған едім. Телефон трубкасын көтермеген соң, қызы Шолпанға хабарласқанда ағамның ауруханаға түсіп қалғанын естідім. Ағама кіріп, жағдайын біліп, бетінен бір сүйіп кету ойым еді, оған палатасына кіруге рұқсат бермеді. Дулат ағам артына өшпес мұра қалдырды,өшірілмес із қалдырды. Дәл осы уақытта елден алыста болып, ағамды соңғы сапарына шығарып сала алмай, өзегім өртеніп отырған жайым бар. Дулат ағам менің басымда болған қиыншылығымда да, қызықшылығымда да – барлық уақытта маған сүйеу, демеу болды. Үлгі тұтар, ақыл айтар әкемдей болды. Бақұл бол,жан ағам!, – деді Айгүл Иманбаева.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар