Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіДубайда күнде жаңбыр жауып тұратын көше ашылады. Ғимараттарға орнатылған климат-бақылау жүйелері көмегімен "аспаннан" тек жаңбыр емес, қар да жауып тұрады екен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
BAQ.KZ-тің жазуынша, көшенің жалпы ұзындығы бір шақырымға созылады. Қазір онда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Дизайнерлер көшеде Франция мәнеріндегі дөңгелектенген пішінді бастырмалар орналасады деседі. Бұл жерде ауа температурасы бақылауда болады. Үнемі 27 градус шамасында жылы, ал ауа ылғалдылығы – 60% шамасында болады, бұдан бөлек сағатына бес шақырым жылдамдықта жел соғып тұрады екен.
Аталған көшеге тек мейрамханасы бар курорттық қонақ үй арқылы кіруге болады екен. Khaleej Times деректеріне сүйенсек, жаңбырлы күнді көргісі келгендер қонақүйден нөмір алып, немесе мәзірден тағамға тапсырыс беруі міндетті екен.
Дубайдағы қызықтар мұнымен бітпейді. Мәселен Дубайдағы "Болашақ" музейінде ерекше қызметкер бар. Ол робот-гуманоид музейге келушілерді қарсы алады. Сонымен қатар қалада алғаш рет аумағы 20 мың шаршы метрге созылатын қолтырауындар паркі ашылды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады