Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДенсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді қосып жазуға қарсы жаңа шаралар әзірлеуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, соңғы уақытта көптеген пациенттер өздерінің мобилдік қосымшаларында медициналық қызметтер туралы жазбаларды байқады, олардың айтуынша, бұл қызметтер көрсетілмеген.
Қосып жазылған қызметтер экономикалық зиян келтіріп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның денсаулық сақтау жүйесіне деген сеніміне нұқсан келтіреді. Қолданыстағы бақылау мен мониторинг жүйелеріне қарамастан, олар мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жеткіліксіз екені анық, - делінген мәліметте.
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді қосып жазудың алдын алуға бағытталған жаңа тетіктерді әзірлеуге кірісті. Ұсынылған цифрлық шешімдердің ішінде:
- Пациенттің мобильдік қосымшасы арқылы медициналық көмекке баруды және қабылдауды растау.
- FaceID технологиясын қолдана отырып пациентті анықтау.
- QR-кодын немесе пациенттің бірегей цифрлық құжат кодын сканерлеу.
Жұмыс тобы бақылауды күшейту үшін қосымша шараларды енгізуді де қарастырады. Жақын арада олардың тиімділігін және елдің медициналық мекемелерінде практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау үшін ұсынылған тетіктерді бағалау жүргізіледі.
Бұл шараларды енгізу қосып жазудың санын едәуір азайтуға және пациенттердің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін қалпына келтіруге көмектеседі. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және оларды көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.
Мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша жұмыс жалғасуда.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?