30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де «OPEN AIR» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін шамамен сағат 22:15-те (22:30) «ASPAN» дрон-шоуы жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін Ұлы дала даңғылы – Түркістан – Т.Рысқұлов – Ақмешіт көшелерінде қозғалыс шектеледі. Елордалықтар шектеулерді ескере отырып, маршрутты алдын ала жоспарлауы қажет.
Кептеліс тудырмас үшін жеке көліктен бас тартқан жөн. Ыңғайлы болуы үшін елорда әкімдігі 2 тегін автотұрақ дайындайтын болады. Жүргізушілер бұл орындарға жеке көлігін қалдырып, концерт өтетін жерге жеткізетін арнайы автобустарға («Shuttle Bus») отыра болады. Іс-шара аяқталғаннан кейін аталмыш автобустар ниет білдіргендерді қайта жеткізеді.
Жеке көлікті қалдырып, автобусқа ауысуға болатын орындар: Бас мешіт тұрағы (Мәңгілік Ел көшесі, 65) және «Барыс Арена» тұрағы (Тұран даңғылы, 57).
Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады. Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды