Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы облысының Есік қаласында ерекше жағдай орын алды. Кешкі уақытта 2002 жылы туған жас жігіт ұшып кеткен дронын ағаш басынан түсіру үшін өрмелеп шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алайда, жоғары көтерілгенімен, кері түсу оңай болмады — жігіт ағаштың ұшар басында қалып қойған.
Аса биіктен өздігінен түсе алмаған азаматқа көмекке төтенше жағдайлар қызметі жетті. №3 өрт сөндіру бөлімінің мамандары арнайы автосатының көмегімен оны жерге аман-есен түсіріп алды.
Абырой болғанда, жігіттің денсаулығына еш зиян келмеген. Медициналық көмек қажет етпеген ол құтқарушыларға ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі