23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Невада штатының Атлетикалық комиссиясы допинг қолданғаны үшін үш бірдей спортшы UFC-ден шеттетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыр салмақта айқасатын америкалық Уолт Харрис 12 айға дисквалификация алған. Оның допинг-сынамасынан метаболикалық стероид дростанолон анықталған. Осымен Харристің UFC-де екінші рет допинг-сынамасы оң нәтиже беріп отыр. 2019 жылы оның ағзасынан LGD 4033 анықталған болатын. Калифорнияның Атлетикалық комиссиясы (CSAC) оны төрт айға спорттан шеттетіп, UFC 232 турниріндегі жеңісі жоққа шығарылды.
Жартылай орта салмақ өкілі Даниэль Родригес алты айға жазаланды. Америкалық файтердің қанынан остарин мен лигандрол табылған.
Бразилиялық спортшы қыз Майра Буэно Силва төрт жарым ай жарыстарға қатыса алмайды. Осы осы жазда екінші раундта Холли Холмды қылқындыру әдісімен жеңген болатын.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік