Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАҚШ президенті Дональд Трамп Рим Папасы Францискті жерлеу рәсіміне киген киімі үшін көпшіліктен сөз естіді. Оқырман қауым Трампты X әлеуметтік парақшасында сынап тастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ватикан қоштасу мессысына қатаң дресс-код енгізген: ер адамдар рәсімге қара костюм, ұзын қара галстук және ақ жейде киіп келуі керек еді. Алайда АҚШ-тың бұрынғы президенті бұл талапты елемей, жұрт алдына көк костюм мен дәл сондай түсті галстукпен шықты.
Мессаны онлайн қарап отырғандар Трамптың киім үлгісіне ашуланды.
«Трамп — Папа Францисктің жерлеу рәсіміне ашық көк костюм киіп келген жалғыз ірі тұлға», «Трамп Папаның жерлеуінде назар аудартуға тырысып жүр», «Қара галстук тағуға да ар-ұяты жетпеген бе?», «BBC News арқылы жерлеу рәсімін қарап отырмын. Барлығы қара киімде, ал Трамп көк костюммен. Ешқандай құрмет жоқ», «Ол мүлдем орынсыз көрініп тұр», — деп өз наразылығын білдірді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі