Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДональд Трамп өзінің екінші президенттік мерзіміндегі басты оқиғаға екі айдан астам дайындалғаннан кейін, бүкіл әлеммен сауда соғысын бастады. Ақ үйдің бағында өткен салтанатты жиында Трамп 2 сәуірді "Американың азаттық күні" деп жариялап, АҚШ-қа импортталатын тауарларға бұрын-соңды болмаған көлемде баж салығын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды bbc.com-ға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Трамптың ойынша, бұл сауда кедергілері АҚШ-тың қарсыластарын да, одақтастарын да оған экономикалық және аумақтық тұрғыда жеңілдіктер жасауға мәжбүрлейді. Алайда экономистер бұл шешімнің салдары барлығына, соның ішінде қарапайым америкалықтарға да қиындық әкелетінін ескертіп отыр. Себебі импортқа салынған салықтарды түптеп келгенде тұтынушылардың өздері төлейді.
"Бүгін – Азаттық күні! Бұл – АҚШ тарихындағы ең маңызды күндердің бірі, бұл – Американың экономикалық тәуелсіздігін жариялау күні. Біз Американы қайтадан ұлы және бай елге айналдырамыз. Біздің елді 50 жылдан астам уақыт бойы тонады. Бұған енді жол бермейміз!" – деп мәлімдеді Трамп.
Жаңа тарифтер:
Қытайға – 34%
Еуроодаққа – 20%
Жапонияға – 24%
Үндістанға – 26%
Кедей елдер көбінесе бюджет кірісінің басым бөлігін импорттық салықтардан алады, ал дамыған мемлекеттер, керісінше, төмен тарифтерді ұстайды. Бірақ Трамптың жаңа шешімінен кейін АҚШ енді Вьетнам, Мьянма сияқты дамушы елдерден импортталатын тауарларға 50% баж салығын енгізбек.
Ешбір мемлекет бұл салықтардан тыс қалмайды – ең төменгі базалық тариф 10% деңгейінде болады. Жалпы импорттық салық 5 сәуірден бастап, ал жоғары баж салықтары 9 сәуірден бастап күшіне енеді.
Алайда, Трамптың тарифтік саясатында кез келген сәтте өзгеріс болуы мүмкін. Бұған дейін де ол бірнеше рет өз шешімдерін өзгерткен. Ол жаңа баж салығына наразы елдерге: "Егер ұнамаса – өздеріңнің тарифтеріңді алып тастаңдар, сонда сөйлесеміз", – деп жауап берді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?