Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДональд Трамп АҚШ-та туғандарға автоматты түрде азаматтық беру жүйесін жоюға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
NBC News-ке берген сұхбатында жаңадан сайланған президент ел аумағында шетел азаматтарының балалары туған жағдайда, олардың автоматты түрде азаматтық алу мүмкіндігі болмайтынын түсіндірді. Президент бұл қадамды көші-қон саясатын күшейту мақсатында қажет деп есептейді.
Егер біржақты шешім қабылдау заңдық кедергілерге тап болса, Конституцияға түзетулер енгізуге көшуіміз мүмкін. Бірақ біз осы мақсатқа жетуіміз керек, — деді ол.
Трамптың айтуынша, бұл қадам азаматтық беру жүйесін қайта қарау және заңсыз иммиграциямен күреске бағытталған ауқымды реформаның бір бөлігі болмақ. Сонымен қатар, ол бұл бастамаларды жүзеге асыру заңнамалық өзгерістер арқылы да, конституциялық түзетулер арқылы да мүмкін екенін атап өтті.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?