6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп сенбі күні Парижге барып, бес жыл бұрынғы өрттен кейін қалпына келтірілген Нотр-Дам-де-Пари соборының ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенбі күні Парижге барып, бес жыл бұрынғы жойқын өрттен кейін толық қалпына келтірілген тарихи Нотр-Дам соборының ашылу салтанатына қатысатынымды хабарлау мен үшін үлкен құрмет, – деп жазды Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде.
Бұл Дональд Трамптың президенттік сайлаудағы жеңісінен кейінгі алғашқы шетелдік сапары болмақ.
Президент Эммануэль Макрон Нотр-Дам соборының толығымен қалпына келтірілуіне және одан да керемет күйге жетуіне тамаша жұмыс атқарды. Бұл барлығы үшін ерекше күн болады, – деп қосты АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті.
Нотр-Дам-де-Пари соборы 2019 жылдың 15 сәуірінде болған өрттен кейін ішінара қираған болатын. Өрттің себептері әлі күнге дейін белгісіз. Өрт болған күні Дональд Трамп, сол кезде АҚШ президенті ретінде, француз билігіне өртті сөндіру үшін өрт сөндіруші авиация қолдануды ұсынған еді.
Шіркеудің ашылу салтанатына көптеген шетелдік жоғары лауазымды қонақтар қатысады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі