Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылдың ақпан айында Қытайға ресми сапармен барады. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрдің айтуынша, Трамп Пекинде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, екіжақты экономикалық келісімге қол қоюы мүмкін. Құжаттың басты мақсаты - 1 қарашадан бастап енгізілуі тиіс АҚШ-тың Қытай тауарларына 100 пайыздық жаңа баж салығын болдырмау.
Бессент атап өткендей, бұл келісім әлемдік сауда қатынастарында бетбұрыс сәтке айналуы ықтимал. Себебі қазіргі таңда АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс жаһандық нарықтарға және дипломатиялық байланыстарға теріс әсер етіп отыр.
Қазір Дональд Трамп Азия елдеріне бес күндік турне жасап жатыр. Жексенбі күні ол Малайзияда өткен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (АСЕАН) саммитіне қатысып, бұл сапарды бастады. Турның соңғы кезеңінде Трамптың Си Цзиньпинмен жеке кездесуі Оңтүстік Кореяда өтеді деп күтілуде.
Бессенттің сөзінше, Трамптың Қытайға сапары ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл мерекесінің (17 ақпан 2026 жыл) алдындағы кезеңде жоспарланған. Сондай-ақ Си Цзиньпиннің күзде АҚШ-та өтетін «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысуы да жоспарланып отыр.
Бұған дейін Қытайдың коммерция министрінің орынбасары Ли Чэнган екі ел арасындағы маңызды сауда-экономикалық мәселелер бойынша Пекин мен Вашингтонның өзара келісімге келгенін мәлімдеген еді.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова