Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДомбыра Алексей Лодочниковты үлкен сахнаға алып шықты. Блогер El.kids YouTube арнасына берген сұхбатында Димаш Құдайбергенмен бірге ән айтқан сәтін ерекше тебіреніспен еске алды.
Алексей Лодочников домбыра үйірмесіне кішкентай кезінде қатысқан.
Домбыра тартуды бала кезімнен білемін. Домбыра үйірмесіне менен «барғың келе ме, жоқ па?» деп ешкім сұраған жоқ. Бардым, үйрендім. Қазір ол үшін өкінбеймін, – дейді ол.
Домбыра Алексейдің өміріндегі ең үлкен армандарының бірін орындауға себеп болған. Ол Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенмен бір сахнада ән айту бақыты бұйырғанын ерекше атап өтті.
Димашпен бір сахнада ән айту – мен үшін үлкен арман еді. Сол арманымды бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев орындады. Мұны айтудан ешқашан жалықпаймын, – дейді блогер.
Алексейдің айтуынша, бұл оқиға бірінші президенттің Павлодарға жұмыс сапары кезінде басталған. Сол сәтте ол «Балқадиша» әнін домбырамен орындап берген.
Президент маған «қазір сенің өнерің маған ұнаса, Астанаға концертке шақырамын» деді. Екі ай өткен соң шынымен де сол концертке шақырды, – деп еске алады ол.
Астанада өткен концертте «Балқадиша» әні ерекше форматта шырқалған. Әнді Алексей Лодочников, Димаш Құдайберген және «Алау» тобы бірге орындаған.
Концерт ұйымдастырушылары маған Димаш Құдайбергенмен бірге сахнада ән айтуым – президенттің маған жасаған сыйлығы екенін айтты. Бұл – мен үшін үлкен мақтаныш, – дейді блогер.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?