Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМәжіліс депутаты Аманжол Әлтай домбыраны ұшаққа алып кіру мәселесі алдағы уақытта шешіледі деп сендірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біздің қазақтың жан серігіне айналған қасиетті қара домбыраға «домбыра харам» деген секілді теріс пікірлердің айтылуы не болмаса ұшақтарда домбыраны алып жүруге рұқсат етілмеуі қабырғамызға батады. Бүгінгі таңда жас ұрпақты қазақтың қасиетті домбыра аспабында танып-білуге үйренуге бағытталған жұмыстар жүргізіп жатыр. Менің депутаттық сауалыма Мәдениет және ақпарат министрлігі берген жауабында, яғни мектеп қабырғасынан бастап домбыра үйірмелерін ашуға қатысты жұмыстардың жүргізіліп жатқандығы туралы жауап келді. Бірақ алдағы уақытта біз авиакомпаниялардың домбыраны бірге алып жүруге рұқсат бермегенін қарап, мәселені шешеміз. Ал домбыраны багажға жіберетін болса, онда ол сынып қалады. Ол арзан аспап емес. Өнер адамының өміріндегі жан серігіне айналған аспап. Сондықтан да алдағы уақытта осыны түбегейлі шешуге күш салуымыз керек. Жеке авиакомпаниялар, әрине, үнемі біздің айдағанымызға жүріп, айтқанымызға көне бермейді, дей тұрғанымен олардың әділетті шешім қабылдауына ықпал етеміз деп ойлаймын, - деді депутат.
Бұған дейін Мәжіліс отырысында депутат Аманжол Әлтай домбыраға қатысты сауал жолдады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар