2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайҰлттық домбыра күніне орай домбыраның заманауи кеңістіктегі жаңа тынысын айқындап, оның халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттыру мақсатында «Отандастар қоры» мен «Арқайым» тобы бірлесіп «Домбыра DNA» халықаралық музыкалық челленджін жариялады.
Бастамаға отандық «Арқайым» және «Тұран» этно-фолк топтары алғашқылардың бірі болып қолдау білдірді. Шетелдік қатысушылар арасынан алғашқы болып Қоғамның домбыра үйірмесінің шәкірті португалиялық Joseph Ribeiro үн қосты. Оның бастамасын Димаш Құдайбергеннің шетелдік жанкүйерлері, түркиялық музыканттар, Кореядағы «Qazaq Nomad» орталығы және Лос-Анджелестегі композитор Марат Омаров жалғастырды. Жапониядағы қазақтар қауымдастығы қабыл алған челленджге жапондық Акира, Такахаши, Аска және Хитоми өз үлестерін қосып, қазақ әндерін аса шеберлікпен орындады.
Сонымен қатар, Нью-Йорктегі «Qazaq American Qaganat», Малайзиядағы «Qazaq Community», Испания, Ресей, Өзбекстан және Нидерландыдағы қазақ диаспоралары бастамаға белсенді қатысты. Бельгиялық Лукас пен чилилік Мария да челленджға қосылып өз өнерлерін паш етті. Челлендж әлеуметтік желілерде (Instagram, TikTok, YouTube) кең қолдау тауып, үлкен серпіліс тудырды. Бұл бастама әлемнің ең танымал орындары мен ерекше локацияларында ұйымдастырылып үлкен жауапкершілікпен орындалды.
Шетелдегі отандастар мен қазақ мәдениетіне қызығушылық танытатын өзге ұлт өкілдері домбырамен күй, әндер орындап, ұлттық өнерді жаһандық кеңістікте насихаттады.
«Домбыра DNA» халықаралық челленджі әлемнің түкпір-түкпіріндегі қазақтарды ғана емес, қазақ мәдениеті мен ұлттық өнеріне қызығушылық танытатын шетелдік қатысушыларды да бір ортаға тоғыстырды.
Жоба домбыраның ұлттық болмыстың символы ғана емес, халықтарды жақындастыратын мәдени құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат