6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы 3 сәуірге дейін ақтөбелік жасөспірімдерге шеберлік сағатын өткізеді. Сондай-ақ, жүзуден облыстық чемпионаттың құрметті қонағы болмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Достық» бассейнінде ұйымдастырылған алғашқы дәрісте жас спортшылар Дмитрий Баландинмен бірге жаттығу жасауға мүмкіндік алды. Жас портшыларға жүзу спортының брасс, баттерфляй, шалқалап жүзу және т.б. тәсілдерін көрсеткен чемпион Ақтөбенің өз жетістіктерін атап өтті.
Осынау әдемі қала Ақтөбеге шеберлік сағатын өткізу үшін арнайы келдім. Балалар өте талантты, қызығушылығы жоғары. Олармен ой бөлісіп, пікір алмасқан маған да ұнады. Шеберлік сағатында өзімнің әдіс-тәсілдеріммен, тәжірбиеммен бөлістім. Ақтөбенің жүзу спорты қарқынды дамыған, дамып келеді. Мұндағы жаттықтырушылар құрамы да құрметке лайық. Спортшылардың да әлеуеті зор. Ел намысын асқататар чемпиондар шығатынына сенімдімін. Жалпы, жастарға пайдам тигеніне дән ризамын, - деді Олимпиада чемпионы.
Спортшы Ақтөбеде өтетін жүзуден облыстық чемпионатқа қатысады. Ол қатысушылардың қарым-қабілетіне назар аударып, бағыт-бағдар бермек. Ал жарысқа қала мен аудандардан 500-ге тарта спортшы қатысады деп күтілуде.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі