6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӘртіс Гүлжан Қалыбаева көпшілікке «көккөз» деген атпен танымал. Ол жақында "Тамаша" ойын-сауық отауының бастығы тарапынан жасалған сорақы ұсыныс туралы ашық айтты. Актрисаның айтуынша, гастрольдік сапар кезінде оған басты рөлдерді беру үшін көңілдес болу талабын қойған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Гүлжан Қалыбаева журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында:
Маған "Тамашаның" бастығы біртүрлі ұсыныс жасады. "Бүкіл басты рөлдер сенікі болады, "Тамашаның" басты кейіпкері боласың, егер…" деп көңілдес болу керегімді айтты, — деді актриса.
Әртіс бастығының бұл ұсынысын қабылдамағаны үшін ауыр жағдайға тап болғанын да жасырмады:
Мен: "Әкемнен жасыңыз үлкен адамсыз, болмайды, кешіріңіз", — дедім. Бірақ ол: "Олай болса, көзіңді құрт", — деді. Қай жерде екенін есімде жоқ, гастрольдік сапарда жүргенімізде мені көліктен түсіріп, айдалаға тастап кетті. Танымайтын кісіден қарыз алып, таксимен Алматыға әрең жеттім. Содан кейін "Тамашадан" кеттім, — деп бөлісті Гүлжан Қалыбаева.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі