Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕліміздің диқандары егіннің 60%-ға жуығын жинады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 10,3 млн гектар егін жиналған. Бұл жоспарланған алаңның 59,9%-ын құрайды.
9,5 млн ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде 6,9 млн тонна бидай орылды.
Биылғы вегетациялық кезеңде фермерлер бірқатар қиындықтарға тап болды. Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстігінде қалың жаңбыр жауды. Бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына кері әсер етті.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, астықтың күтілетін өнімі Қазақстанды нан, ұн және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз етуге жеткілікті болады. Елімізде өткен жылғы жоғары сапалы астықтың мол қоры бар. Өнімділіктің төмендеуіне байланысты экспорттық әлеует төмендейді, алайда республика дәстүрлі экспорттық нарықтардағы өз позициясын сақтайды, - делінген ведомствоның ақпаратында.
1-ші сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының бағасын тұрақтандыру үшін Азық-түлік корпорациясы ішкі нарықты реттеу қызметі арқылы азық-түлік астығын сатады. Бұл механизм алғаш рет өткен жылы қолданылған болатын. Биыл да жалғасатын болады. Нәтижесінде нан пісіру кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етіліп, нан отандық нарыққа белгіленген бағамен шығады.
Қазір маңызды міндет – фермерлерге қажетті қолдау көрсету. Атап айтқанда, астықты кептіру үшін жеңілдетілген дизель отынын бөлу мәселесі пысықталды. Облыстардың астық кептіруге арналған отынға жалпы қажеттілігі 73 мың тонна. Оның 19 мың тоннасын қолда бар резерв есебінен жабу жоспарланып отыр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары