Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЕгер сіз ауылды көркейтуге үлес қосамын немесе тәжірибе жинау үшін елді мекенге баруға дайынмын десеңіз, онда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы сізге дөп келеді, – деп хабарлайды El.kz. Аталған бағдарламаға кімдер қатыса алады және оның артықшылығы неде? Бүгін осы тақырыпқа тоқталамыз.
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жоғары оқу орнын мынадай мамандықтар бойынша аяқтаған студенттерге арналған:
• білім беру;
• денсаулық сақтау;
• әлеуметтік қамтамасыздандыру;
• мәдениет және спорт;
• ветеринария.
Мұндай студенттерге мынадай көмек ұсынады:
• 70 АЕК мөлшерінде бір жолғы көтерме жәрдемақы төлемдері;
• 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% жәрдемақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімінде тұрғын үйді сатып алу және құрылыс жүргізу үшін бюджеттік кредит беру;
• ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік саладағы мекеме мамандарға тарифтік мөлшерлемеден (қалалық елді мекендер) 25% аспайтын лауазымдық еңбекақыны көтеру.
Бағдарламаға қатысу үшін үміткер:
• таңдаған елді мекенде (ауыл мектебі, аурухана, мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б.) жұмысты өздігінен іздей алады;
• жұмысқа қабылдану кезінде аудандық комиссияға өтініш жібереді;
• жұмысты өздігінен іздеу мүмкіндігі болмаса, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі немесе өңірлердегі жауапты жұмыскерлердің көмегіне жүгіне алады;
• өңірлерде кадрлардың қажеттілігі туралы деректер облыстық әкімдіктердің сайттарында көрсетілген.
Маман бұл бағдарлама бойынша таңдаған жерінде кемінде үш жыл жұмыс істеуі керек.
Қосымша ақпаратты мына сілтеме арқылы біле аласыз: gov.kz
Автор: Сауле Сарбасова
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс