2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліМәжіліс кулуарында журналистер Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен, әсіресе ресейлік университеттердің филиалдарында жиі айтылып жүрген «диплом сату» деректеріне қатысты қандай шаралар атқарылып жатқанын сұрады, деп хабарлайды El.kz.
Министрдің айтуынша, мұндай заңсыз әрекеттер әлі күнге дейін кездесіп отыр.
«Алаяқтар көп. Бірден айтайын – бұл қылмыс. Қылмыстық кодексте нақты бабы бар. Біз бұл туралы бірнеше рет ескерту жасадық», – деді ол.
Саясат Нұрбек елімізде 1991 жылдан бері берілген барлық дипломдарды цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Соңғы екі жылда 3 миллион 91 мыңнан астам диплом цифрландырылған.
Министрдің мәліметінше, ұлттық орталықтың арнайы сайтында әр дипломды бірегей код арқылы тексеруге болады. Азаматтар да, жұмыс берушілер де сол кодты енгізу арқылы дипломның түпнұсқалығын, қашан және қай оқу орнынан берілгенін анықтай алады.
Сонымен бірге, министр әлі де 200–330 мың азаматтың дипломы тексеру кезеңінде тұрғанын атап өтті. Себебі 90-жылдары берілген құжаттарда жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған.
«Бұл жұмысты жыл соңына дейін аяқтаймыз. Осыдан кейін жұмыс берушілер электронды қызмет арқылы дипломның түпнұсқалығын анықтай алады. Жалған дипломдар жарамсыз болып, толық айналымнан шығарылуы тиіс», – деді Саясат Нұрбек.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс