Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАфины қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық еркін күрес балуаны Дінмұхаммед Қасымбек қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қасымбек жарысты сенімді бастады. Алғашқы айналымда ол болгариялық Валентин Атанасевті 10:0 есебімен жеңсе, 1/8 финалда польшалық қарсыласын дәл осындай есеппен (10:0) айқын басымдықпен ұтты. Ширек финалда өзбекстандық балуанды 5:2 нәтижесімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Бұл кезеңде ирандық спортшыға 11:4 есебімен жол берді.
Алайда үшінші орын үшін өткен белдесуде Дінмұхаммед Молдова балуаны Иван Паслариден 5:4 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатының жүлдегері атанды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады