22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласында жастармен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жастар ресурстық орталығында "Деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеттерінен сақтандыру" тақырыбында өткен форумда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жастарға дұрыс ақпарат берілу керек екенін айтты.
Өкінішке қарай, бүгінде Ислам атын жамылған діни ағымдар пайда болды. Ақпараттық ашық заманда кейбір жастарымыз діни ағымдардың ақ-қарасын ажырата алмай, олардың идеологиясына еріп кетуі мүмкін. Осы ретте діни мәселеге, діни ағымдарға қатысты сұрақтар туындаса, Діни басқарма жанындағы Діни оңалту бөлімінің мамандарына, жалпы мешіт имамдарына хабарласуларыңызды сұраймын. Бұдан бөлек Діни басқарма жанында тәулік бойы жұмыс істейтін діни ақпарат беру орталығы бар. Кез-келген уақытта хабарласып, жауап аласыз. Мүфтият жастарды жат ағымдардың теріс идеологиялық ықпалынан сақтандыруға бар күшін салады, - деді.
ҚМДБ Төрағасы сонымен қатар жастарды жастық шақты білім алуға, ата-ананы, ұстазды қадірлеуге, жақсы істерге арнауға, Отанға қызмет етуге шақырды. Сонымен қатар салт пен дәстүрімізге құрмет көрсетуге үндеді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев