Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТұрып жатқан баспанасын есірткі зертханасына айналдырған тұрғындар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, есірткі заттарын сатып келген 2 күдіктіні анықтады.
Кентау қаласында тұратын бірінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер есірткі зертханасы мен притон тапты. Сонымен қатар, құрамында апиын бар 10 мл 2 құты, пакеттегі марихуана, есірткі дайындауға арналған заттар мен шолақ мылтық тәркіледі. Екінші күдіктінің мекен-жайынан радикалды мазмұндағы діни кітап табылды.
Күдіктілер Кентау мен Түркістан қаласының тұрғындары, олардың бірі деструктивті діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұр. Екеуі де бұрын сотты болған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынып, барлық мән-жай анықталуда.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар