2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану Институтының ғылыми қызметкері Нұрбол Қалдыбеков әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz.
« Бүгін елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің түпкі мақсаты барша адамзатқа ортақ құндылық саналатын – бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп, дінаралық диалогты мейлінше дамыту.Біз, адамзат әртүрлі дінді ұстанғанымызбен, бәрімізге ортақ құндылықтар жетерлік. Бізді бір-бірімізден өзгешелейтін ерекшеліктерден гөрі, ортақ, ұқсас тұстарымыз көбірек»,- деді ол.
Сонымен қатар Нұрбол Қалдыбеков съезд барысында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары осы мәселені кеңінен тарқатып, ортаға салатындығын күтетіндігін айтты.
«Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі» елімізде 2003 жылдан бері әр үш жыл сайын өтіп келеді. Өткен тарихи кезеңдерде болып өткен аумалы-төкпелі саяси кикілжіңдер мен діни қырғи-қабақ қақтығыстар, көпконфессиялы, мультимәдениетті қоғамдағы проблемалар әлі де болса өз шешімін күтіп, өзектілігін жоймай келе жатыр. Сол себепті де дәстүрлі дін өкілдері бірін-бірі жатсынбай, бір үстелдің басында бас қосып, пікір алмасатын платформаның болуы ауадай қажет дүние. Себебі, пікір алмасып, бірін-бірі тану процесі жүрмеген жерде, бірін-бірі жатырқау, жатсыну болатыны анық. «Адам білмегенінің жауы» деген қанатты сөз бар. Сол үшін ұлттар мен әртүрлі мәдениет өкілдері бір-бірін танып, қоғамға ортақ мәселелерді ақыл қосып, бірігіп шешкені жөн. Осы тұрғыдан бұл съездің өтуі маңызды. Әлемде бейбітшілік болсын!»,– деді Нұрбол Қалдыбеков.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс