23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Жеке адамдардың емес, барлық халықтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату арқылы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болады». Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған шахматтан әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасованың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласына орай білдірген пікірінде айтылған.
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Ең алдымен Сізге, сүйікті спортпен айналысуға, кәсіби өркендеуге және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге берілген мүмкіндіктеріңізге үлкен алғысымды білдіргім келеді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаңызға қатысты, біздің еліміздің дамуы мен оны әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына қосуға бағытталған Сіздің барлық бастамаларыңызды қолдайтындығымды атап өткім келеді. Елдің және ұлттың рухани дамуы – барлығымыздың алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі. Жеке адамдардың емес, барлық халықтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату арқылы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болады, сондай-ақ, бұл бағытта да ауқымды жұмыс атқарылуда. Ынта, табандылық және мақсатқа талпынушылық білдірген әр адам жоғары жетістіктерге жете алады. Сонымен қатар, алдағы уақытта жоспарланған барлық жұмыстар ойдағыдай іске асырылатынына сенімдімін", - деп жазған спортшы.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады