22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген «Астарлы ақиқат» бағдарламасынан кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тележүргізушісі бағдарламаны 13 жыл бойы жүргізіп, түрлі әлеуметтік тақырыптарды көтергені белгілі.
Студияда 1500 сағат, 600 бағдарлама, 13 жыл өмір. Осымен "Астарлы ақиқатты" жүргізуді тоқтатып жатқанымды жеткіземін. Мен сепарация туралы жиі айтамын. Бұл балаларымызға ғана емес, туындыларымызға да қатысты. Тұла бойым тұңғышыма айналған "Астарлы ақиқат" өз анасын күлімсіретті, көкке көтерді, кейде күрсіндірді де. Бастысы - біз екеуіміз де жылағанның жасын сүрттік, құлағанды қолтығынан демедік,тарпаң тағдырдан тарыққанға жол ашуға тырыстық, - дейді Дина Төлепберген.
Ол әр эфирін қалт жібермей тамашалаған көрермендерге алғысын айтты.
Әр нәрсенің өз орны, өз уақыты болады. Осыдан 13 жыл бұрын, 2011 жылдың 18 қыркүйегінде 27 жастағы Динаға эфир тізгіні бұйырғанда, мен бағдарламаға жан бітіріп, оны жалпыұлттық деңгейге жеткізем деп ойламаған едім. Бірақ сіздер мені өз отбасыңыздың мүшесі ретінде қабылдап, Күнде кешкісін менімен бірге болдыңыздар. Рақмет сіздерге! Эфирмен қоштасуымды қарыштауға қадам деп тілекші болыңыз, - деді Дина Төлепберген.
Айта кетейік, танымал тележүргізуші Дина Төлепберген қоғамдағы өзекті проблемалардың бірі "талақ айтуға" қатысты пікірін білдірген еді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев