30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты7 қараша күні, Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы алғашқы жеке концерті қарсаңында, 50 елден келген 700-ге жуық жанкүйер Барселонада бас қосты. Олар бір-бірімен танысып, ескі достармен жүздесіп, көптен күткен концерт алдындағы әсерлерімен бөлісті. Дәстүрлі кездесу Испания мен Қазақстанның ұлттық нақыштарын біріктірген стильде Hotel Hyatt Regency Barcelona Tower қонақүйінде өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кеште испандық сопрано және саксофоншы Мотсе Бермудес пен қазақ әншісі Жанель Али бірге өнер көрсетті.
Әлемге әйгілі фламенко биін Лусено Кардерас мектебінің бишілері орындаса, ал дәстүрлі каталон биін Гарсеран Сарданиста тобы көрсетті.
Испан әуендерін қазақтың ұлттық домбырасының сазы алмастырып, сахнада Арман Жаналы домбырамен өнер көрсетті.
Димаштың жанкүйерлері де өз өнерлерін ортаға салды: Dear Эстер гитарамен Димаштың «Тау ішінде» әнін орындаса, чилилік Пабло Ромеро қазақтың халық әні «Дайдидау» мен Димаштың авторлық туындысы «Ұмытылмас күн» әнін шырқады. Ал бір топ жанкүйерлері сүйікті әншіге арнап «Weekend» хиті әуенінде әсерлі би орындады.
Кештің арнайы қонақтары – Димаштың анасы Светлана Айтбаева мен әртістің команда мүшелері болды.
Светлана Ермекқызы жиналған қауымға жылы лебізін білдіріп, жанкүйерлерге ерекше ықыластары үшін алғысын айтты.
Чилиден келген Dears тобы Димаштың отбасына сый ретінде ерекше шахмат жиынтығын тарту етті.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды