Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек28 ақпанда Латын Америкасының «Andromeda» радиостанциясының «Димаштың ғаламы» бағдарламасында қазақстандық өнерпаздың «When I’ve Got You» атты жаңа әні алғаш рет шырқалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
Тыңдаушыларға шығарма ұнағаны сонша, олар радиожүргізушілерден оны қайта қоюын өтінді.
Universo Dimash («Димаштың ғаламы») бағдарламасы алғаш рет осыдан тура бір жыл бұрын, 2023 жылдың 1 наурызында Қазақстанда Алғыс айту күні мен Наурыз мейрамының қарсаңына орай эфирге шыққан еді.
Димаштың әндері алғаш рет 7 ақпанда Мексика радиосынан шырқалған болатын. Ал бұны ұйымдастырған әншінің халықаралық Mahabbat Dears фан-клубы еді.
Эфирдің тыңдаушылар арасында үлкен толқу мен сұраныс тудырғаны сонша, Andromeda Radio жүргізушілері толығымен қазақстандық орындаушының шығармашылығына арналған жаңа бағдарлама жасауды ұйғарды. «Димаштың ғаламы» атты бағдарлама құрылғаннан бері эфирде 14 эпизод жарық көрді.
28 ақпан күнгі радиостанцияда қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайбергеннің көптеген туындыларының шығу тарихы баяндалып, әндері шырқалды. Тыңдармандар «When I’ve Got You» жаңа әнінің тұсаукесерінен ләззат алып, сондай-ақ: Battle of Memories, Neverland, War and Peace, Our Love, Be Happy, The meaning of eternity, Restart my love, The Crown және т.б. қытай әндерін ерекше әсермен тыңдады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?