6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерИталияның «Pensiero» басылымында Димаш Құдайберген туралы көлеміді мақала жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тарих, мәдениет, әдебиет және философия туралы жазатын басылымда жарық көрген мақала «Димаш Құдайберген. Шығыс пен Батыстың арасы. Астанаға баруға тұратын сирек кездесетін дауыс иесі» деп аталады.
Әлемнің сексен елінен келген қырық мың адамды Димаштың өнері біріктірді! Концерттегі атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін болмас. Бірдей жылдамдықпен соғып жатқан көп жүрекпіз. Димаштың әр концерті бұрынғыларына ұқсамайтын ерекшелігімен есте қалады. Біз өзімізді тілдеріміздің әртүрлілігіне қарамастан БҰҰ-ның штаб-пәтерінде тұрғандай сезіндік, - делінген мақалада.
Мақала «үш жарым сағаттық шоудан кейін Димаш көрермендерінің алдында басын иіп, алғыс білдірді. Біз оның керемет әндерін одан әрі тыңдай беруге қарсы емеспіз» деген жолдармен аяқталады. Автор Димаштың өнеріне жоғары баға берген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі