Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыДимаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» әні алғаш рет әлемдегі ең ірі музыкалық радио брендтердің бірі – Radio Disney-дің барлық мексикалық станцияларының ротациясына енді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараның бастамашысы – Димаштың 2023 жылы Будапешттегі болған концертінен шабыттанған жанкүйері. Ол сол тұста әртістің дауысын Disney радиосынан естуді армандаған екен. Көп ұзамай әншінің әндері 30-дан астам елдегі Dears фан-қоғамдастығы қолдаған халықаралық науқанға айналды.
Әлеуметтік медиа, атап айтқанда X платформасы (бұрынғы Twitter) арқылы жанкүйерлер #DimashRadioDisney хэштегін 2024 жылдың қыркүйек айының соңында трендке айналдырған еді. Бұл Мексикадағы радиостанцияның жүргізушілері мен продюсерлерінің назарын аударды. Пачукадағы Дисней радиосының жүргізушісі Бриссия мен продюсер Эдуардо бұл идеяны қолдап, Димаштың әндерін бағдарламалау бөліміндегі радиостанцияның әндер тізіміне енгізу туралы ұсыныс жасады.
Олардың қатысуы мен жанкүйерлердің белсенділігінің арқасында «Love’s Not Over Yet» әні қазір бүкіл Мексиканың Radio Disney эфирінде ойналады.
Біз Димаш Құдайбергеннің өнерін қолдаушы әншінің жанкүйерлері Dears Mexico фан-клубының ерекше сүйіспеншілікпен жүзеге асырған тамаша жобасын ұсынуға қуаныштымыз. «Love’s Not Over Yet» әні бүкіл Мексикадағы Radio Disney ротациясына енгізілді. Бұл бастама Disney радиосында хабар тарататын Аргентина, Уругвай, Перу сияқты басқа елдердегі жанкүйерлер қауымдастығын шабыттандырады деп үміттенеміз, - делінген ақпаратта.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары