Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлімізде Димаш Құдайберген атындағы жаңа туристік бағыт ашылады. Осы арқылы Қазақстанға әлем саяхатшыларын тарту көзделіп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Бейжіңде өткен Ақтөбе облысының туристік әлеуетін таныстыру іс-шарасы кезінде белгілі болды. Бастама әсіресе қытайлықтардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр.
Димаш Құдайбергеннің өнері мен танымалдығы Қазақстанға миллиондаған турист тартуға бағытталады. Ақтөбеліктер өнерпаздың туған жеріне түрлі саяхаттар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жаңа туристік бағыт «Dimash Tour» деп аталады. Саяхат барысында шетелдік қонақтарға Димаштың туған өлкесі, оқыған мектебі, отырған партасы, балалық шағы өткен жерді көрсету жоспарда. Сонымен қатар әншінің өнерін шыңдаған алғашқы ұстаздарымен кездесулер өткізіледі.
Еске сала кетейік, 2024 жыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы. Бүгінгі шара тікелей осыған бағытталған. Ақтөбе өңірінің туристік әлеуетін таныстыру шаралары 9 желтоқсанда Шанхай қаласында ұйымдастырылды. Ал 11 желтоқсан Кореяда өтеді делінген.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді