23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бір ай бұрын, 7 наурызда, әлемдік музыка алаңдарда Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әнінің премьерасы өтті. Ән әлемнің көптеген елінде тыңдалып, түрлі музыкалық хит-парадтар мен рейтингтерде топ бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Dimashnews.com мәліметінше, әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін франциялық Deezer музыкалық ағынды платформасында «Love’s Not Over Yet» Венгриядағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді.
Чехияның OCKO.TV музыкалық арнасы Димаштың жаңа әнін премьерадан кейін бірден Топ-20 үздік әндердің қатарына қосқан болатын. Сондай-ақ бұл композиция үш аптадан бері Ocko Chart рейтингінде бірінші орында тұр.
Radio Olsztyn S.A. – 1952 жылы негізі қаланған Польшадағы аймақтық қоғамдық радиостанция да дауыс беру тізіміне «Love’s Not Over Yet» әнін енгізіп, жаңа туынды бірден рейтингте бірінші орынға ие болды
L’Opinionista итальяндық ұлттық ақпараттық және талдау газеті 2025 жылдың наурыз айындағы «Songs of Moment» хит-парадының нәтижелерімен бөлісті:
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 2025 жылдың наурыз айындағы халықаралық заманауи музыкаға арналған хит-парадтың көшін бастады.
«Love’s not over yet» әнін екі Грэмми сыйлығының иегері, продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьеф бастаған халықаралық топ талантты әртістің дауысын барынша көрсету үшін арнайы жазған болатын. Сондай-ақ, авторлар құрамында: Доминик Борс пен Флавиен Компаннон – композиторлар болса, Девон Грейвс – әннің сөзін жазған.
Бейнебаян көрермендерін бірден өзіне баурап алады. Видеоның алғашқы сюжеттерінен-ақ, махаббат хикаясы баяндалып, батылдық, әйел баласына және отбасына деген құрмет пен адалдық сияқты құндылықтарды көрсетеді. Ал бейнебанның соңы көрерменінің жан-дүниесін баурап алып, видеоның жалғасы болатыны туралы әсер қалдырады…
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік