Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҰлттық арна 31 желтоқсан күні 3,5 сағат бойы Димаш Құдайбергеновтың Алматыда өткен «Stranger» концертін ұсынады. Әлемнің 70-ке жуық елінен 35 мың тыңдарманның басын қосқан ән кеші 31 желтоқсан күні сағат 18:00-де эфирге шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шоу барысында Димашты өзінің бэнд-тобы сүйемелдейді. Концертте белгілі домбырашылар Темірлан Олжабай, Ернат Наурыз, композитор Ренат Гайсин, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі өнер көрсетеді. Кеште әнші інісі Әбілмансұр Құдайбергенмен авторлық әнін орындайды.
Концерттің финалында дәстүр бойынша Димаш «Screaming» әнін орындайды және «The Story of One Sky» әнінің тұсауын кеседі.
Димаштың Алматыдағы алғашқы жеке концерті елдегі негізгі мәдени оқиғалардың біріне айналды. «Qazaqstan» телеарнасы шараның ресми ақпараттық серіктесі ретінде көрермендерге кеш барысынан эксклюзивті шығарылымдар мен фан-кездесулерін ұсынды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары