2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстанның Халық әртісі, әлемге танылған жұлдыз Димаш Құдайбергеннің қауіпсіздігі көпшілікті алаңдата бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Айгүл Темірқұлова есімді қолданушы ұшақта Халық әртісі Димаш Құдайбергенмен бірге ұшқаны туралы жазып, бұл сурет кеңінен таралды.
Естен кетпес сапар болды. Ұшақта Димаш Құдайбергеннің қасында отырдым. Оның жанында ешқандай күзет те, қорғаушы да жоқ. көзілдірігі мен бетпердесін тақты да, кете барды. Аңыз ғой, өте қарапайым, менменсу деген жоқ. Димашпен бірге отырғаныма қуаныштымын, селфи жасап алдым. Тағдырыма рахмет! – деп жазды ол.
Димаштың қарапайымдылығына тәнті болғандар көп, бірақ осы жазбадан соң кейбіреулер оның жеке басының қауіпсіздігіне алаңдай бастаған. Соның бірі – Сәуле Түркия.
Жалпы, Димаштың ешқандай қорғаушысыз жалғыз жүруі өте алаңдайтын жағдай. Оны қарапайым болған соң солай деп мақтанудың қажеті жоқ. Димаш – қазақтың атын әлемге танытқан өте талантты әнші. Неге Димашта жеке қауіпсіздігін қорғайтын қорғаушысы жоқ?! Осы қазақ неге сондай қамсыз?! Мәлкілдеген шалдарға бюджеттен қанша ақша шығарып қорғаушы ұстаймыз. Олардың қасында Димаш кім? Ойланатын жағдай! – деп жазды Сәуле.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс