Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыӘнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан «Астана медицина университетін» сәтті аяқтап, дәрігер мамандығын иеленді. Қуанышты жаңалықты анасы Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ақ Рәшөніміз дипломын алып, қуанып тұрмыз. Еліңе қызмет етіп, халқыңның жанына араша болар білікті дәрігер бол, ботам, – деп жазды Света Айтбаева.
Желі қолданушылары әншінің отбасын қуанышты сәтімен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.
«Қызыңызды қуанышымен құттықтаймын!», «Оқыған-тоқыған, білімін қадірлейтін, қиындықтан қашпайтын, нағыз білімді дәрігер болсын», «Құтты болсын, жемісін көріңіздер», «Света, құтты болсын! Раушан абыройлы, ақ халатты абзал жанға айналсын», - деген ақжарма тілектерін жаудырды оқырмандар.
Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің жалғыз туған қарындасы 23 жастағы Раушан Құдайбергенге бір ай бұрын сырға салынып, қалыңдық атанған еді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар