22.11.2023
18:03
7711
Димаш Құдайбергеннің ата-анасының махаббаты көпшілікті тәнті етті

Димаш Құдайбергеннің ата-анасының махаббаты көпшілікті тәнті етті

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев өзінің Instagram-парақшасында жары Светланамен түскен суретті салып, оқырманының ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Суретке ат қойыңыздар, - деп жазды Қанат Айтбаев.

Жанкүйерлер Димаштың ата-анасы жастарға нағыз үлгі боларлық жұп екенін жазды.

«Ескірмеген махаббат», «Махабатыңыз мәңгі болсын. Ұлыңызды үйлендіріп, қыз ұзатып, ата-әже болыңыздар!», «Махаббат пен бақыттың үндесуі», «Керемет көрініс», «Бір толқында болу отбасының басты қағидасы», - деп жазды оқырман.

Бұған дейін Қанат Айтбаев жұбайымен қалай танысқанын айтып берген