23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерҚазақстандық әнші Димаш Құдайберген 26 шілдеде «Singer 2024» ән байқауының ақтық бәсекесі кезінде айтқан сөзі қытайлық көрермендер арасында үлкен дауға ұласты. Бұл туралы KAZINFORM-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Финалдық бәсекенің екінші кезеңінде Димаш канадалық танымал әнші Фаузияға сыбырлап сөйлеген сөзі тікелей эфирде көрерменге естіліп қалған.
Димаш канадалық әншіге: «Олардың айтуынша, Сенің алдыңда қытай әншісі болуы керек (They said, It must be Chinese before you)», - деген. Ал Фаузия оған «жақсы, мәселе жоқ» деп жауап берген.
Байқау қорытындысы бойынша, Фаузия жеңімпаздар қатарынан көріне алмай, қытайлық әнші На Ин жеңімпаз атанып, Таң Вэйвэй және Сун Нан үздік үштіктен көрінді.
Осылайша, қытайлық телекөрермендер және әлеуметтік желі пайдаланушылары «Singer» шоуының шынайылығына күдіктеніп, жобаны ұйымдастырушыларға наразылық білдірді.
Артынша, Димаш Құдайберген weibo парақшасында түсініктеме беріп, Фаузия онымен бірге өнер көрсетуді сұрағанын, ал ұйымдастырушылар оған қытай әншісі болуы керек (Must be a Chinese singer «for» you) деп айтқанын жеткізді.
Айта кетейік, Димаш араға 7 жыл салып «Singer 2024» ән байқауының сахнасына оралып, ақтық бәсекенің алғашқы кезеңінде құрметті қонақ ретінде америкалық танымал әнші Шанте Торрейн Мурмен бірге өнер көрсетіп, Lose Control әнін шырқады.
23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?