Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Вьетнамның 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars атты ең ірі мәдени фестивалінде өнер көрсетеді. Бұл туралы dimashnews.com сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
8Wonder Winter 2025 – Symphony of Stars музыкалық фестивальдер сериясының бесінші маусымын ашады. Бұл жобада әлемдік музыканың биік шыңдары таныстырылып, халықаралық деңгейдегі мәдени алаң қалыптасады.
Ханой халықаралық көрме орталығының сахнасында географиялық шекараларды еңсеріп, музыканың ортақ тілі арқылы мәдениеттерді тоғыстырған әлемдік және вьетнамдық жұлдыздар өнер көрсетеді. Олардың қатарында:
Алиша Киз – 17 «Грэмми» сыйлығының иегері, әлемге әйгілі музыкалық икона;
Ван Май Хыонг – Вьетнам жұртшылығының сүйікті баллада орындаушысы;
Димаш Құдайберген – бүкіл әлем тыңдармандарын таңдандырған ерекше диапазон иесі, ғаламат дауысты әнші;
Aespa – жуырда «Rich Man» мини-альбомын шығарған музыка мен технологияның тоғысын бейнелейтін 4-буынның үздік K-pop тобы;
HIEUTHUHAI – миллиондаған қаралым жинаған рэп-орындаушы, «Anh trai Say Hi» шоуының жеңімпазы;
MAYDAYS – «Phép Màu» атты хитымен танылған инди-музыкадағы жарқын жаңа есім.
Фестивальге билеттердің сатылымы 24 қазаннан бастап ашылды. Оларды VinWonders.com, Ticketbox, Klook.com және Trip.com сайттарынан сатып алуға болады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары