6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӘнші Димаш Құдайберген Швейцарияға жұмыс сапарымен барып, Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының штаб-пәтерін аралады, деп хабарлайды dimashnews.com сайты.
Еуропа мен Азияның кейбір батыс аймақтарындағы футболды басқаратын осы спорттық ұйымның негізгі орталығы Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан. Димаш Құдайберген бала күнінен футболды жақсы көретінін және жанкүйер екенін атап өтті.
Менің ойымша, футбол - музыка сияқты бүкіл әлемдегі адамдарды біріктіре алатын өнер. УЕФА Чемпиондар Лигасының әлемге әйгілі Әнұранының үйінде болу үлкен мәртебе болды. Оны осы спорттың барлық әуесқойлары біледі, - деді Димаш Құдайберген.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы осы халықаралық ұйымның мүшесі болғанына 20 жыл болды. Соңғы 4 жылда УЕФА ұйымында жалғыз қазақстандық Дәулет Уранхаев еңбек етіп келеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі