2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстанның халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген ауыр сырқатына қарамастан, жоспарланған концертін өткізген. Бұл туралы оның әкесі Қанат Айтбаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Айтбаевтың айтуынша, ұлы концерт күні сырқаттанып, дене қызуы 40 градусқа дейін көтерілген. Соған қарамастан, Димаш тыңдармандарын күттірмеу үшін сахнаға шығудан бас тартпаған.
Концерт өтетін күні жағдайы күрт нашарлап кетті. Дене қызуы 40 градус болды. Бірақ концертті тоқтату мүмкін емес еді – бәрі дайын, адамдар жиналып қойған. Сол себепті сахна артында жедел жәрдем қызметкерлері кезекшілік етті. Олар жиі-жиі ине салып, жағдайын бақылап тұрды. Біз қатты уайымдадық, – деді Қанат Айтбаев.
Оның сөзінше, мұндай жағдайда сахнаға шығу оңай емес, алайда Димаш тыңдармандарына деген сүйіспеншілігі мен кәсібилігінің арқасында концертті соңына дейін өткізген.
Бұл – ең алдымен көрерменге деген шексіз құрмет пен жауапкершіліктің үлгісі. Осындай жағдайда концерт беру өте қиын, бірақ Димаш соны еңсере алды, – деп түйіндеді ол.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс