30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТанымал әнші Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеге барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
KAZINFORM мәліметінше, ол саяжай аумағында тұратын, бірақ қазір баспанасын тастап № 40 мектепте уақытша тұрып жатқан тұрғындармен кездесті. Осылайша қиын сәтте жерлестерімен бірге екенін жеткізіп, қайырымдылық қорына қаржы аударды.
Елімізде су тасқыны басталған кезде халықты сабырға шақырып, өзінің қай сәтте де қолдауға әзір екенін жеткізген әнші Димаш Құдайберген бүгін Ақтөбе облысына барды.
Ол алдымен баспанасына су кірген қамкөңіл жерлестеріне демеу болып, олардың жанынан табылды.
Жылы сөзін арнап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасы негізінде елдегі атқарылып жатқан істерге тоқталды.
Бала кезден бастап тілеуімді тілеп, биікке қанат қағып, қалықтап жүрсін деген тілек тілеп жүрген жерлестерімнің қал-жағдайын білмей кете алмадым. Жаңалықтардан мемлекет тарапынан ауқымды сомада көмек беріліп жатыр дегенді оқып жатырмын. Ең бастысы, еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын, – деді әнші.
Өзі де игі істен шет қалмай, туған жеріне сапары барысында қайырымдылық қорға ақша аударды.
Өнер иесі еріктілермен кездесіп, гуманитарлық көмек беру орталығының үйлестіру жұмысымен танысты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды