Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық Хунань телеарнасының «Singer 2024» ән байқауының ақтық бәсекесінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Singer 2024» жобасының ақтық бәсекесі 26 шілде күні тікелей эфирде көрсетіледі. Қытайлық HUNAN TV телеарнасының тікелей эфирінде өтетін байқауда қазақстандық әнші құрметті қонақ ретінде сахнаға шығып, «Singer 2024» байқауының қатысушысы Шанте Торрейн Мурмен бірге ән шырқайды.
Байқау шартына сәйкес, финалистер бірінші кезеңде арнайы шақырылған әншілермен жұптасып ән шырқайды. Ал екінші кезеңге жолдама алған төрт әнші жекелей сында өзара мықтыны анықтайды.
Айта кету керек Димаш Құдайберген «Singer 2017» байқауында екінші орын иеленген болатын.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар