6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерХалықаралық «Қазақ тілі» қоғамы тұңғыш рет Oxford Qazaq Dictionary сөздігін шығарды, онда 60 мыңнан аса сөз қамтылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өнер жұлдызы Димаш Құдайберген мәлімдеді.
Бұл – 60 мыңнан аса сөз қамтылған, жалпы 1300 беттен тұратын үлкен еңбек. Сөздікті жасауда дүние жүзіне танымал Oxford сөздігін құрастыру әдістемесі мен технологиясы негізге алынған. Әлемдегі аса беделді Oxford University Press баспасының қолдауы және ресми қатысуымен басылған, - деп қуанышты жаңалықты жеткізді ол.
Әншінің айтуынша, сөздік құрастыру 4 жыл жүріп, оған Қазақстандағы кәсіби лингвистер мен ғалымдар, білікті аудармашылар мен редакторлар, жалпы 50-ден аса маман қатысты.
Ағылшын тілінің белсенді қолданушысы ретінде сөздікпен танысуға, оны күнделікті пайдалануға шақырамын! Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамасына сәттілік тілеймін! Тіліміздің мәртебесі мен қолдану аясын кеңейтетін осындай аса маңызды, нақты жобаларға қолдау білдірейік! – деп жазды Димаш.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі