Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыӘлемге танымал әнші Димаш Құдайберген қатерлі ісікке шалдыққан жанкүйерінің соңғы арманын орындаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерекше адамгершілік танытқан өнер иесі туралы марқұмның жұбайы әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Біз үшін бұл күтпеген жағдай болды. Мұхан Димаштың өнерін қатты ұнататын. 2024 жылдың ақпан айында Алматыдағы Абай даңғылының бойындағы онкологиялық ауруханада оны операцияға дайындап жатқанбыз. Жиеніміз Салтанат Димашқа хат жазып, ағасының жағдайын баяндап, оның әншінің шығармашылығына деген ерекше сүйіспеншілігін жеткізген. Димаштың айтуынша, ол әдетте электронды хаттарды оқуға уақыт таппайды және әлеуметтік желілерді сирек бақылайды. Бірақ сол күні жазылған хабарлама көзіне түсіп қалыпты. Сол уақытта ол Алматыдан Ыстамбұлға гала-концертке ұшуы керек болған екен. Дегенмен, әуежайға бара жатқан жолда Мұханның жағдайынан хабардар болып, оған соғып өтуді шешіпті. Біз оның келетінін естігенде сенбедік. Тіпті ол келгенше қатты қобалжыдық, не айтарымызды білмедік. Димаш келіп, Мұханды өзінің жеке концертіне шақырды. Өкінішке қарай, денсаулығы нашарлағандықтан, ол концертке қатыса алмады. Екі айдан кейін Мұхан өмірден өтті, – деп еске алды марққұмның жұбайы.
Осыдан кейін Димаштың бұл әрекеті жанкүйерлеріне деген шынайы ықыласы мен қамқорлығын көрсетіп, көпшіліктің арасында кеңінен талқыға түсті.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар