Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстандық дарын Димаш Құдайбергеннің Будапешт сахнасында әлемдік опера жұлдызы испаниялық Пласидо Домингомен бірге ән шырқады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Концерт 2023 жылғы 10 желтоқсан күні Будапештте Ференц Лист атындағы Музыкалық академияда өткен болатын. Ал оның премьерасы 19 қаңтар күні Virtuosos YouTube арнасында өтті.
Сонымен қатар үзіндіні Димаш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында да жариялады.
Эфирдің көрсетілімінде Будапештте өтіп жатқан байқаудың шымылдығын Пласидо атамызбен Жорж Бизенің «Pearl fishers» операсынан Надир мен Зурганың ариясын орындаған болатынбыз. Будапешт – арманымды орындаған қала. Себебі Пласидо Домингоны кішкентай кезімнен тыңдап өстім, - деді Димаштың өзі.
Бұл дуэт «Au fond du Temple Saint» ариясын шырқады.
Пласидо Доминго мен Димаш Құдайберген VIRTUOSOS V4+ халықаралық байқауының финалына арнайы қонақ ретінде шақыртылған.
VIRTUOSOS – классикалық музыка таланттарының басын қосқан бірегей шоу. Ол жас таланттарды танытуға және жас музыканттарға даму мен алға жылжу мүмкіндігін беруге бағытталған. Сондай-ақ шоу классикалық музыканы дамытуға бағытталған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары