10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОпера әншісі, режиссер Пласидо Домингоға шапан сыйға берілді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Отандық әнші Димаш Құдайберген әлемдік жұлдызға қазақтың ұлттық киімін сыйға тартты. Бұл сәттің видеосын Димаш әлеуметтік желіде жариялады.
Қай халықта болсын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезімдерін өлеңге қосып, өз өлкесінің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем. Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін, жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген ХХ ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих, - деп жазды Димаш Құдайберген.
Естеріңізде болса, қаңтарда Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго Жорж Бизенің операсынан үзінді орындаған.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді